Боро Плюс жайында

Боро Плюс отбасының барлық мүшелерінің терісіне күтім жасайтын жан-жақты әрі тиімді иісмай. Ол антисептикалық қасиеттерге ие, қолдану ауқымының кеңдігімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Боро Плюсты өзіңіздің көмекшілеріңіздің қатарына енгізіңіз, сізге жасаған қамқорлығына таң қалатын боласыз.

Бет пен дене терісінің құрғақтығы

Кішкентай жарақаттар мен күйік

Тітіркену

Жел қағу

Жарылған өкше

Жәндіктердің шағуы

Өзінің емдік қасиеттерімен танымал шөптер негізінде табиғи қорғаныс кешенін қолдана отырып әзірленді. Құрамында ним сығындысы , алоэ, райхан, сандал ағашы және басқа құнды компоненттер бар;

Сау және проблемалы, зақымдалған теріге де күтім жасауда тиімді;

Бірнеше қолданғаннан кейін теріні тыныштандырып, қалпына келтіреді.

Боро Плюс – тері ақауларымен күресуде Сіздің әмбебап қаруыңыз.
Боро Плюс – бірнеше мәселенің шешімі!

Өнім

Боро Плюс
Антисептикалық иісмай
Тұрақты

Бір иісмай көптеген мәселенің шешімі

Боро Плюс
Антисептикалық иісмай
Шөптер жиыны

Тері проблемаларына қарсы балған, хош иісті шөптерден жасалған иісмай

Боро Плюс
Антисептикалық иісмай
Иіссіз

Иісі жоқ иісмай, бірақ әсері де сондай

Боро Плюс
Ылғалдандырғыш
Ерінге арналған бальзам

Құрғақ және жарылған ерінге арналған

Боро Плюс
Ерінге арналған ылғалдандырғыш бальзам
Хош иісті жалбыз

Құрғақ және жарылған ерінге арналған

Боро Плюс
Қарқынды терапия
Аяққа арналған иісмай

Табан мен өкшенің құрғақ терілерін тыныштандырып, ылғалдандырады

Боро Плюс
Қарқынды терапия
Қол мен тырнаққа арналған иісмай

Қолдың құрғақ терісін ылғалдандырып, тырнақтың күйін жақсартады

Боро Плюс
Қарқынды терапия
Шынтақ пен тізеге арналған иісмай

Шынтақ пен тізе терісін ылғалдандырады және жұмсартады, құрғақтық пен қызарудан ұзақ уақыт сақтайды

Қолданылуы

Терінің кез келген проблемасы туындаған жағдайда, төменде айтылған жағдайлардың бірінде иісмайды тері қалпына анағұрлым жылдам келу үшін күніне бірнеше рет көптеп жағу керек.

Құрғақ және жарылған теріге

Боро Плюс құрғақ және жарылған теріні ылғалдандырады және жақсы әсер береді, жуғыш және тазалағыш құралдардың әсерінен пайда болған терінің қышуын басып, құрғақ екенін сездірмейді.

Кішкентай жарақаттар мен сызаттарда

Боро Плюс жарақаттар мен сызатты тез емдейді, оның ішінде қырынғаннан кейінгі жарақаттарда да.

Сүйел пайда болғанда және тері қатайғанда

Сүйелді, өкше мен шынтақтағы, табандағы жарылған және қатайған теріні жұмсартып, жою үшін пайдалы иісмай.

Экстремалды ауа райы жағдайының кері әсерінде

Қолайсыз ауа райы мен экстремалды температура жағдайында өте қажет (мысалы, күн, аяз немесе жел). Күннің қарқынды әсерінен кейін теріні қалпына келтіруге көмектеседі, қосымша қорғаныс қабатын түзіп, ылғалдың жойылуының алдын алады, теріге ерекше созылымдылық қасиет береді.

Күйікте және үсік шалғанда

Боро Плюс күйік пен үсік шалғаннан пайда болған тыртықтар мен терінің күлдіреуінің алдын алуға жақсы көмектеседі.

Ерінге күтім жасауға арналған

Ерінге күтім жасауда мінсіз. Ол құрғақ және жарылған ерінді жұмсартады, сондай-ақ оның табиғи қалпын сақтай отырып, еріннің терісіне емдік әсер береді.

Жәндіктер шаққанда

Маса сияқты жәндіктердің шағуы терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін. Антисептикалық Боро Плюс иісмайы тітіркенуді жоюға көмектесіп, теріні тыныштандырады.

ӘСЕРІ МЕН ҚОСПАЛАРЫ

ӘСЕРІ МЕН ҚОСПАЛАРЫ

Көне үнді медицинасының құпиясы, салауатты өмір салты, инновациялар мен алғы технологиялар – Боро Плюс косметикалық өнімдерінің іргетасы.

Біздің брендтің философиясы құпия қағиданы сақтауда жатыр: иісмайлар табиғи, қауіпсіз және пайдалы болуы қажет. Барлық дерлік Боро Плюс косметикалық өнімдерінің құрамына айрықша «Табиғи қорғаныс кешені» енеді, оның нәтижесі мұқият клиникалық талдаулар жүргізуде және уақыт өте келе дәлелденді.

«Табиғи қорғаныс кешені» дегеніміз не?

Бұл – емдік шөптердің, емдік өсімдіктер сығындысының және табиғи компоненттердің әмбебап жиыны. Мұндай кешенді әзірлеуде медицина және фармакология саласындағы мамандардың алғы зерттеулері, инновациялық әдістер мен заманауи технологиялар қолданылды, көне аюрведа ғылымының негізіне сүйенді.

Иісмайдың әсері келесідей жүреді: «Табиғи қорғаныс кешенінің» әмбебап формуласы эпидермистің терең қабатына еніп, зақымдалған жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді, оларды бүлінуден қорғап, жылдам қалпына келтіреді.

Боро Плюс терінің саулығы мен сұлулығын қорғайды.

Әмбебап косметиканы әзірлеу барысында біз шетелдік әріптестердің тәжірибелеріне сүйенеміз, ағзаның ерекшеліктерін ескереміз, тек табиғи қоспаларды қолданамыз және сапа мен бағаның бір-біріне сай болуына ерекше назар аударамыз. Боро Плюстің үздік иісмайын пайдаланғаннан кейін Сіздің теріңіз жарқырап, жасарып, сұлулана түседі.

Ним (үнді азадирахтасы)

Ним – Үндістанда өсетін шөп, теріше күтім жасайтын компонент ретінде кеңінен танымал. Ним жапырағындағы, жемісі мен тамырындағы антибактериалды, қышымаға қарсы, қабынуға қарсы және антисептикалық қасиеттер оны теріге байланысты көптеген проблемаларды, яғни бөртпе, жарақаттар мен тітіркенуді емдеуде ерекше әсер береді. Ним жапырақтары мыңдаған жылдардан бері теріге күтім жасау үшін қолданылады. Үндістанда нимді жоғары бағалайды және теріге күтім жасау мен емдеуде пайдаланылады.

Ғылыми зерттеулер нимнің келесі емдік қасиеттерге ие екендігін көрсетті:

Вирусқа қарсы: вирустың дамуының алдын алады.

Фунгицидті: қышыманың ұлғаюының алдын алады.

Бактерияға қарсы: бактериядан туындаған инфекциядан арылуға және оның қайта дамуының алдын алуға көмектеседі.
Қолданған кезде экземаға шалдыққан теріні емдеуде көптеген стероидті компоненттер тәрізді ним де тиімді, бірақ стероидті компоненттерге қарағанда, ешқандай жағымсыз әсері жоқ.

Ауырсынуды сездірмейді: ауырсыну белгісін жеңілдетеді.

Қабынуға қарсы: ним терінің қызаруы мен тітіркенуін басатыны белгілі. Оның құрамына енетін екі негізгі қаьынуға қарсы компонент нимбин және нимбидин деп аталады.

Микробқа қарсы: микробтың дамуының алдын алады.


Алоэ вера (барбадосс алоэсы)

Аюрведа ғылымы алоэ вераны мәңгілік өмірді сыйлайтын өсімдік деп атағаннан бастап, оны теріге күтім жасау үшін пайдаланады. Ол жарақатты емдейтін қасиетімен кеңінен танымал және әдетте күйікті, жараны, псориазды емдегенде, тіпті жәндіктер шаққанда да қолданады. Сондай-ақ алоэ ауырсынуды басатын қасиетке ие. Оның емдік қасиеттерінің тиімділігіне көз жеткізу үшін алоэ жапырағын кесіп алып, тоңазытқышта салқындатып, күнге күйген теріге сөлін сығып жағыңыз: сіз бірден жағымсыз белгілердің тыйылғандығын сезінесіз. Алоэ вераны ертеден-ақ жараларды емдеу үшін пайдаланады, әсіресе күн мен жылу күйігінен кейін. Бұл өсімдік С, Е дәрумендеріне және теріні нәрлендіріп, қартаю үдерісін баяулататын бета-каротинге бай. Ол теріні майлы етпей, ылғалдандырады, яғни терісі майлы адамдарға да жарайды.


Куркума (ұзын куркума)

Куркума бактерицидті және қабынуға қарсы қолданылады. Куркума теріге күтім жасауда маңызды болып табылатын көптеген пайдалы қасиеттерге ие. Куркуманың қабынуға қарсы қасиеттері терінің қызаруын басуға көмектеседі, сонымен қатар пигменттің өсуінің алдын алады. Бактерицидті қасиеттері безеулі бөртпелермен күресуге көмек береді. Қартаю үдерісінің баяулауы: құрғақ теріні ылғалдандырады және бетке әжімнің түсуінің алдын алады, осылайша қартаю үдерісін баяулатып, теріні жасартып көрсетеді. Куркуманы тағам ретінде қолданғанда, теріге қосымша қорек беріліп, жарқырай түседі.


Сандал ағашының майы

Адамның сандал ағашын пайдалану тәжірибесі төрт жүз жылдан асады, бұл осы қоспаны теріге күтім жасаудың ең көнелерінің бірі екенін аңғартады. Оны парфюмерияда, косметикада, медитация тәжірибелерінде қолданады. Сандал ағашының майы басқа майларға қарағанда, теріге пайдалырақ. Сырттай қолданғанда, ол жараның жазылуына ықпал етеді.


Мия

Мияны көп жылдан бері тері ауруларын емдеуде қолданады. Journal of Drugs in Dermatology медицина журналында мия куперозды, атопиялық дерматитті, дәрі-дәрмектерді қолдануға байланысты пайда болған псориаз бен бөртпені емдеуде пайдалы екендігі айтылады. Зерттеулер қызылмия сығындысын (мияның екінші атауы) экземаны емдеуде қолдануға болатынын көрсетті. Қызылмия теріде мықты дәнекер тіндердің түзілуіне ықпал етеді.


Үпілмәлік тұқымдары

Майсана (үпілмәлік) майы өсімдіктің өзі тәрізді Үдістан мен Африкада кеңінен қолданылады. Міне, бірнеше жылдан бері ол қабынуға қарсы және бактерицидті дәрілік зат ретінде белгілі, тері ауруларын емдегенде, теріге күтім жасағанда жоғары бағаланады. Үпілмәлік майы күйікті, аяқтың қышыма ауруын, қышуды, дерматитті емдеуге көмектеседі. Майсана майының құрамындағы май қышқылдары теріні ылғалдандыруда пайдалы.


Гарциния майы (кокума)

Гарциния майын тыртықтарды емдеуде, теріде пигмент дақтарды жоюға, сондай-ақ теріні ульракүлгін сәуленің әсерінен қорғау үшін қолданады. Оны терінің алуан түрлі ауруларын емдеуде пайдаланады, оның ішінде дерматит, безеулі бөртпе және экземаны емдеуде. Май жетілген теріге, күнге күйген теріге күтім жасауда, әжімдерден құтылу мақсатында терінің созылуын жою үшін, сонымен бірге тырнақты қорғау үшін пайдаланады.


Райхан

Райхан дәрілік өсімдіктер тобына жатады және адам ағзасына пайдасы жағынан жетекші орындардың бірін алады. Бұл хош иісті дәмдеуіш ғана емес, сонымен қатар ғылыммен бұрыннан дәлелденген құнды қасиеттері бар өсімдік. Косметологияда райхан теріні тыныштандырады, тері тесігін тазартады, тіндердің қалпына келуіне, жасаруына және сергітілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, райхан бактерияға қарсы әсер етеді, бұл оны теріні емдеуде тиімді етеді.

ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

1974 жылы құрылған «Емами Лимитед» компаниясы «Емами»компаниясы топтарының бір бөлігі болып табылады. Бүгінде ол – денсаулық пен сұлулықты сақтауда жоғары сапалы табиғи өнімдерді өндіру жөнінен Үндістандағы көшбасшы компаниялардың бірі, 250-ден астам әртүрлі санаттағы дәрі-дәрмектер әлемнің 60-тан астам елінде сатылады. Статистика мәліметтері бойынша әр секунд сайын әлемде біздің компания өндірген тауардың 100-ден астам бірлігі сатылуда. Біз 2600-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтыдық, өнімдерімізді бөлшек саудамен айналысатын 5 миллионнан астам дүкендерде сатамыз, әлем бойынша 7 өндірістік кешеніміз және 9 еншілес компаниямыз бар.

Жұмысымызда жоғары сапалы дәрі-дәрмектердің көнеден келе жатқан дайындалу әдісін сақтай отырып, инновациялық зерттеулермен үйлестіру қағидасына сүйенеміз және үнемі даму үстінде жүріп, жаңа өнімдерді әзірлеп, өндірген өнімдерді жетілдіруге ұмтыламыз.

2000 жылдан «Емами Лимитед» компаниясы Қазақстанда БОРО ПЛЮС флагмандық брендімен ұсынылады, қазіргі таңда ол сенімнің жоғары деңгейіне ие болып, миллиондаған қазақстандықтарға терінің саулығы мен күтіміне қатысты мәселелерді шешуге көмектесті.

«Емами Лимитед» нарыққа денсаулық пен сұлулық саласында төмендегідей санатта өз өнімдерін ұсынады:

  • Теріге күтім жасау топтамалары
  • Шашқа күтім жасау топтамалары
  • Өмір сапасын жақсартуға арналған биологиялық белсенді қоспалар
  • Ауырсынуды басатын және жоятын топтамалар
  • Тұмауға қарсы топтамалар

Бас кеңсе Emami Limited

Emami Tower 687 Anandapur, EM Bypass, Kolkata 700107 West Bengal, India +91-33-6613 6264 contact@emamigroup.com


Қазақстандағы өкілдігі КАЗДИНФАРМА ЖШС

Қазақстан, Алматы қ. Лобачевск көш., 78 311 кеңсе
+7 (727) 233 63 47
+7 (727) 233 65 50

Сату бөлімі: yelenapakz@gmail.com

Тұтынушымен қарым-қатынас бөлімі: customercare@emamigroup.com